№26 орта мектепте өзін-өзі тану онкүндігі 2 ақпанда басталды. Ашылу салтанатында оқушыларға "өзін-өзі тану" пәнін жасаушы, меценат және "балалар ауылы" жобасының авторы С.А. Назарбаева туралы бейнебаян көрсетіліп, мектебіміздің психологы 9 "А" сыныбында "Ұжымдағы ынтымақтастық" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Өзін-өзі тану онкүндігі жоспарына сәйкес өзін-өзі тану пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, балаларға "өзін-өзі тану" оқу пәні арқылы адамгершілік - рухани тәрбиені қалыптастыру-әрбір адамның өміріндегі руханилықтың, адамгершіліктің, ар-ожданның, ізгіліктің, құрметтің, адалдықтың, борыштың қайнар көзі екендін жеткізді.
3 ақпанда 1-4 сыныптар арасында "Мейірімділік пен сұлулық әлемі" тақырыбында қашықтықтан сурет көрмесі өтті.
5-11 сынып оқушыларына айналадағыларға мейірімділікті тек сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен де жеткізуге болатындығын айту үшін "Құпия дос" акциясы 10 ақпанда басталды. Оқушылар өздерінің достарына, сыныптастарына хат жазып, өз сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Онкүндік соңында мектеп оқушылары өткізілген онкүндік туралы алған әсерлерімен бөлісті, тамаша сабақтары үшін мұғалімдерге алғыс айтып, өзін-өзі тану мектепте қажетті және маңызды сабақ болып табылады деген қорытынды жасады.