"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коучинг "Исследование урока"

10.03.2021 Мәншүк ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Олжабаева А.У. 4.03.2021 жылы мектеп мұғалімдерімен "Сабақты зерттеу" әдісінің қыр-сыры жайында коучинг өткізді. Коучинг барысында ұстаздарымыз "Сабақты зерттеу" әдісінің кезеңдерін жоспарлап, мәселені анықтап, әрекет ету, зерттеу, қорытынды жасау, нәтижені бағалау арқылы мақсатқа жету мүмкіндігін талқылады. Жалпы биылғы оқу жылында мектебімізде Олжабаева А.У. мен Исаева А.Ж. жетекшілігімен "Сабақты зерттеу" топтары құрылып, жұмыс жасайды. Мектепте 2016 жылдан бері осы "Сабақты зерттеу" ( Lesson Study) әдісі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәжірибемізде қолданып жүрміз. Бұл әдістің өзара тәжірибе алмасуда, білім сапасын арттыруда, туындаған мәселелерді бірлесіп шешудегі тиімділігін ескере отырып, осы жұмысты келесі оқу жылында да жалғастырып, бірнеше топтармен жұмыс жасау жоспарда. Шығармашыл ұстаздардарымызға сәттілік тілейміз!
Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст