Текст
Игі іс жасау дегеніміз айналаңа риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау. Тағдырына налыған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуға көмектесу. Қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылып, сүйеу бола білу деген сөз. Осы күнге орай 5а сынып оқушылары ауылымыздағы жалғыз тұратын қарт кісіге барып, мерекемен құттықтап, көмектесіп қайтты.