13.04.2021
8.04.2021 күні Мәншүк ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Жас маман 2021" байқауы жартылай сырттай өткізілді. Мектебіміздің жас ұстаздары ашық сабақ өткізіп, белгіленген тақырып бойынша эссе жазып, өз өнерлері мен таныстыруды бейнебаян етіп түсірді. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды информатика пәнінің мұғалімі Сармулдиева Бибінұр Аманжоловна мен математика пәнінің мұғалімі Казкенова Ақмарал Ержанқызы, 2 орынды өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Смайылова Мария Мұратқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Куляу Оксана Яношевна, 3 орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабылбеков Нағашыбай Жолдыұлы иеленді. Барлық мұғалімдерімізді құттықтаймыз!