Ұмытылмас жазғы демалыс
Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекітуі, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Осы бағытта №26 Мәншүк орта мектебі жанындағы «Балдырған» лагерінің 2- ауысымы өткізілді. Ауысым
ұзақтығы 10 күн. Аталған уақыт ішінде түрлі жарыстар, қызықты бағдарламалар мен ойындар өткізілді. Атап айтсақ, «Балапан жұлдыздары», «Биші болғым келеді» , сурет сайыстары ұйымдастырылды. Балдырғандар белсене қатысып жүлделі орындар мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, табиғат аясына саяхатқа шығып, ерекше әсерлерге бөленіп қайттық. Маусым айының 21 -жұлдызы көңілді «Қарақшылар күні» өткізіліп, балдырғандар шаттыққа тағы да бір бөленді. Балалар 10 күн ішінде жақсы көңіл күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде ауысымды аяқтады. Ауысымның жабылу салтанатында 10 күн ішіндегі өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Осы орайда лагердің 2-ауысымын барынша көңілді
өткізуге тырысқан, балаларға ерекше ықылас қойып, бар жылуын төге білген лагердің 2 –ауысымының басшысы Шоқанова Арайлым Тұяқовнаның еңбегі жана берсін дегіміз келеді. «Балдырған» мектеп жанындағы жазғы лагері әрқашан балалардың демалысын ұмытылмастай етіп іске асыруға бар күш-жігерін салуда. Жаздағы жақсы демалыс-жыл бойы қажетті күш-қуат.
Тәлімгер Есқожина Г.Қ.