Текст
Бүгін 2 шілде 2025 жылы мектеп жанына ашылған "Балдырған" жазғы демалыс лагерінің 3 аусымының 3 күні "Ертегілер әлемінде" ертегі кейіпкерлер күні болып өтті. Балалрмен бірге ауыл кітапханасына барып, ертегі кітаптарымен танысты. Кітапханашылар қызықты мәліметтер айтып, балалардың қиялына қанат бітірді. Сонымен қатар, қуыршақтармен спектакль қойып, ертедегі кейіпкерлерді сомдадық. Балалр өз рөлдерін белсенді әрі қызығушылықпен орындады. Шығармашылық бөлімде тұзды қамырдан ерегі кейіпкерлерін жасап, өз қолөнер жұмыстарын көрсетті. Бұл күн балалар үшін әсерлі ,тәрбиелік мәні жоғары және қызықты болды. Ертегі әлемі.тек қиял емес, ол достық, жақсылық пен мейірімділік мекені екекнің бәріміз ұғындық. Жетекшілері: Жұмабек Ж.Қ. мен Кожабекова А.Н.