24.05.2021
22 мамыр күні Бірыңғай Республикалық ата-аналар жиналысы аясында мектебімізде ата-аналар жиналысы болып өтті. Мектептің кіре беріс жерінде тәлімгер ата-аналарды дене қызуын тексеруден және қолдарын антисептикпен залалсыздандырудан бастады. Кейін әр сынып жетекшісі өз сыныптарына өз ата-аналарын санитарлық нормаларды сақтайды отырып, жиналысты бастап кетті. Жиналыстың күн тәртібінде - оқу жылының аяқталуы, оқу үлгерімі, антитерроризм және жаз мезгіліндегі техника қауіпсіздігі болды.