31.05.2021
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. ҚР Президенті НӘ.Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Осыған орай Мәншүк ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнефильм көрсетілді.