04.06.2021
Бүгін мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді мерекелей бастады.
Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.