«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс
Тілдер онкүндігі аясында 7 қыркүйек күні 26 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Ажибаева М.К.
ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өтті. Сайыс барысында мақал – мәтелге тоқталып, оқушылардан тіл туралы қандай мақал – мәтел білетіндерін сұрап өтті. Әрбір оқушы өздерінің білетіндерін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Келесі кезең жұмбақ жарысына ауысып, бүлдіршіндер жасырылған жұмбақтың жауабын бірінен кейін бірі шешіп, өздерінің алғырлықтарын таныта білді. Келесі айналымда оқушылар жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, жауабын үш тілде айтып берді. Ең қызықты сәті «Кім көп біледі?» деген айналымда 4 сыныбының мен көп білемін деген екі оқушысы Жұмабек Мұхтар мен Амантай Санжар мақал – мәтел бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға сала білді. Дәл осындай білімді де, алғыр шәкірттеріміз көп болсын дегім келеді.
Тілдер бірлестігің жетекшісі:Ахамай Б