Текст
Тілдер онкүндігі аясында 12- қыркүйек күні 26 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Хасенова Т.Е. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы атты тақырыбында танымдық іс – шара өтті. Іс – шара барысында Хасенова Т.Е. сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспарымен таныстырып өтті. Интербелсенді тақтадан С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жолында фильм тамашалатты. Оқушылар фильмнен көрген – білгендерін айтып, пікір алмасты. Бүгінгі танымдық сабағымыз өте қызықты өтті, әрбір оқушы белсенділік таныта білді.