Тілдер онкүндігі аясында 11- қыркүйек күні 26 орта мектебінде тарих пәні мұғалімі Кабельдинова Х.У. мен 5-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Неміс тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс – шара барысында Кабельдинова Х.У. өз сыныбымен неміс тілінде құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп кетті. Неміс халқының киімін киіп, неміс тілінде ән айтып, өлеңдер оқып, барлық көрермен оқушыларды тамсандыра білді. Сонымен қатар, Аман Аяулым неміс халқының тіліне, тарихына, мәдениетіне тоқталып, көптеген ақпараттармен таныстырып өтті. Содан кейін, өздерінің әзірлеген неміс халқының тамағымен таныстырып, жасалу мәзіріне тоқталып өтті. Осындай тартымды да, қызықты іс – шара өткізген тарих пәнінің мұғалімі Кабельдинова Х.У. айтар алғысымыз шексіз. Білімді де, алғыр шәкірттеріміз көп болып, мектебіміз көркейе берсін.