Тілдер онкүндігі аясында 10- қыркүйек күні 26 орта мектебінде тарих пәні мұғалімі Кабдрахманова Г.М. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы»
атты ақпараттық танымдық іс – шара өтті. Іс – шара барысында Кабдрахманова Г.М. сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспармен таныстырып өтті. Әлихан Бөкейханов туралы не білесіңдер? деп оқушыларға ой тастап, не білетіндерін сұрады. Ә.Бөкейхановтың тек қазақ әдебиетінде ғана емес тарих жолында да рөлі бар екеніне тоқталды. Интербелсенді тақтадан Ә.Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы жолында фильм тамашалатып, әр оқушыдан
не түсінгенін сұрап, тарих жолындағы атқарған қызметтері туралы айтып, оқушылардың білімдерін толықтыра түсті.
Бүгінгі танымдық сабағымыз өте қызықты өтті, әрбір оқушы белсенділік таныта білді. Әр оқушы тың ақпаратты меңгеріп қана қоймай, түсінгені бойынша ой бөлісіп, пікір аламасты.