Текст
Тілдер онкүндігі аясында 10-қыркүйек күні 26 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Газизова Г.Е. ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Татар тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс –
шара барысында Г.Елдосқызы барлық оқушылар мен ұстаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдіріп кетті. 3 «Б» сыныбының оқушылары татар халқының ұлттық киімін кие отырып, татар тілінде жатқа мақал –
мәтел айтып, орыс тілінде баламасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар әзірлеп келген татар халқының ұлттық тағамымен таныстырып, жасалу жолдарына тоқталды. Татар тілінде ән шырқап, оқушыларды қызықтырып, тамсандыра білді. Осындай алғыр да, білгір болашақ жастарымыз көп болсын!