Тілдер онкүндігі аясында 7- қыркүйек күні 26 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева А.Д. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты
тақырыптық сабақ өтті. Іс – шара барысында Исаева А.Д. сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспармен таныстырып өтті. Оқушыларды екі топқа жаңа технология әдісімен бөліп, тақырып аясында екі топқа тапсырма беріп, постер
қорғатты. Әр топ өз ойын айтып, жұмыстарын белсенді қорғай білді. Осыдан кейін оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы слайдтар тамашалатып, Ахмет туралы не білетіндерін сұрап пікір алмасты. Ахметтің қазақ әліпбиінің негізін қалаушы екеніне тоқталып, латын әліпбиіне қатысты видеоролик тамашалатты. Әр бала көрген – білгенімен бөлісіп, өз ойын ортаға салды. Сабақ өте қызықты өтті. Осындай танымдық сабақтарымыз көп өтіп, оқушыларымыздың ой – өрісі кеңейе берсін дейміз.