Тілдер онкүндігі аясында 6- қыркүйек күні 26 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жавбатырова А.С. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Орыс тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс – шара барысында Жавбатырова А.С. орыс халқының тілі мен ақын – жазушыларына тоқталып, кең көлемді мәліметтер беріп кетті. Оқушыларға орыс халқының ақын – жазушыларының портретін көрсете отырып, оның қандай ақын екенін өздеріне тапқызып, қандай шығармалары бар екенін сұрап өтті. Әр бала орыс тілінде жауап беруге тырысып, бірінен – бірі асып – түсіп жатты. Содан кейін орыс тілінің ерекшелігіне тоқталып, әр оқушы өз ойын айтып, орыс тілінде өлеңдер жатқа оқылып, бірін – бірі қызықтыра білді. Осындай талантты да, ақылды оқушыларымыз көп болып, мектебіміздің абыройын көтере берсін дейміз.