«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тіл мерекесіне орай өткізілген іс – шаралардың есебі
Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай мектебімізде «Тілдер онкүндігі» ауқымды түрде аталып өтті. 5 қыркүйек пен 18 қыркүйек аралығына дейін жоспар құрылып, әрбір іс – шара жоспар бойынша өткізіліп отырды. Тілдер мерекесінің онкүндігінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен бірге сынып жетекшілері де атсалысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының туған күні - 5 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда № 26 орта мектебінде ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесінің ашылу салтанаты болды. Мақсаты: оқушылардың тілге деген сүйіспеншіліктерін ояту, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге, құрметтеуге бағыттау. Іс-шара барысында мектеп директоры Т.Е. Хасенованың құттықтауынан соң сөз алған пәндік тіл мамандары да мемлекеттік, ресми және ұлтаралық қарым-қатынас тілдерінде құттықтау сөздерін сөйлеп, онкүндіктің бағдарламасымен таныстырып өтті. Жекелеген оқушылар ұлы адамдардың тілге қатысты ой-пікірлері мен өлеңдерін, қанатты сөздер және үш тілдегі мақал-мәтелдер айтып, белсенділік таныта білді. Тағы бір
қуанарлық жағдай, өзге ұлт өкілі балаларының ансамбль құрамымен домбырада ән шырқап, мың бұрала би билеуі болды.
Қыркүйек айының 6-сы күні онкүндік бағдарламасының кестесіне сәйкес, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, ғалым, жазушы, аудармашы, бір сөзбен айтқанда, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы - Мағжан Жұмабайұлына арналған « Алты алаштың ақиық ақыны - Мағжан» атты танымдық сабақ болды.
7,9 – сынып аралығындағы оқушыларды қамтыған іс-шараны жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Апаханов Б.Ж. танымдық сабақтың мақсаттарымен таныстырып өткен соң, тізгінді мектеп оқушылары алды. Өз кезегінде олар бірі – алаштың аяулы қайраткерінің өмір жолы мен талайлы тағдыры жайлы мәліметтер келтірсе, бірі - ақынның маржандай сұлу жырларын жатқа оқып, бірі – ғалымның «Педагогика» еңбегінен түйгендерін ойларын ортаға салды. Сабақ барысында оқушыларға өзге де танымдық ақпараттар беріліп, алаштың ардақты ұлы жайлы түсірілген бейнематериалдар ұсынылды, сонымен қатар, «Жыр тербеген жүрек» атты кітап көрмесі тамашаланды.
«Мағжан - мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»,-деп Мұхтар Әуезов айтпақшы, Мағжан ақынның еңбектері мен есімі өзі сүйген халқымен бірге жасап, жаңғыра берері сөзсіз.
Дәл, осы күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жавбатырова А.С. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары
арасында «Орыс тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс – шара барысында Жавбатырова А.С. орыс халқының тілі мен ақын – жазушыларына тоқталып, кең көлемді мәліметтер беріп кетті. Оқушыларға орыс халқының ақын – жазушыларының портретін көрсете отырып, оның қандай ақын екенін өздеріне тапқызып, қандай шығармалары бар екенін сұрап өтті. Әр бала орыс тілінде жауап беруге тырысып, бірінен – бірі асып – түсіп жатты. Содан кейін орыс тілінің ерекшелігіне тоқталып, әр оқушы өз ойын айтып, орыс тілінде өлеңдер жатқа оқылып, бірін – бірі қызықтыра білді.
7 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева А.Д. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты тақырыптық сабақ өтті. Іс – шара
барысында Исаева А.Д. сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспармен таныстырып өтті. Оқушыларды екі топқа жаңа
технология әдісімен бөліп, тақырып аясында екі топқа тапсырма беріп, постер қорғатты. Әр топ өз ойын айтып,
жұмыстарын белсенді қорғай білді. Осыдан кейін оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы слайдтар тамашалатып, Ахмет туралы не білетіндерін сұрап пікір алмасты. Ахметтің қазақ әліпбиінің негізін қалаушы екеніне тоқталып, латын әліпбиіне қатысты видеоролик тамашалатты. Әр бала көрген – білгенімен бөлісіп, өз ойын ортаға салды. Сабақ өте қызықты өтті.
7 қыркүйек күнгі түскі уақытта бастауыш сынып мұғалімі Ажибаева М.К. ұйымдастыруымен бастауыш сынып
оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өтті. Сайыс барысында мақал – мәтелге тоқталып, оқушылардан тіл туралы қандай мақал – мәтел білетіндерін сұрап өтті. Әрбір оқушы өздерінің білетіндерін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Келесі кезең жұмбақ жарысына ауысып, бүлдіршіндер жасырылған жұмбақтың жауабын бірінен кейін бірі шешіп, өздерінің алғырлықтарын таныта білді. Келесі айналымда оқушылар жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, жауабын үш тілде айтып берді. Ең қызықты сәті «Кім көп біледі?» деген
айналымда 4-сыныбының мен көп білемін деген екі оқушысы Жұмабек Мұхтар мен Амантай Санжар мақал – мәтел бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға сала білді.
10 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімі Кабдрахманова Г.М. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы» атты ақпараттық танымдық іс – шара өтті. Іс – шара барысында Кабдрахманова Г.М. сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспармен таныстырып өтті. Әлихан Бөкейханов туралы не білесіңдер? деп оқушыларға ой тастап, не білетіндерін сұрап өтті. Ә.Бөкейхановтың тек қазақ әдебиетінде ғана емес тарих жолында да рөлі бар екеніне тоқталды. Интербелсенді тақтадан Ә.Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы жолында фильм тамашалатып, әр оқушыдан не түсінгенін сұрап, тарих жолындағы атқарған қызметтері туралы айтып, оқушылардың білімдерін толықтыра түсті. Танымдық сабағымыз өте қызықты өтті, әрбір оқушы белсенділік таныта білді. Әр оқушы тың ақпаратты меңгеріп қана қоймай, түсінгені бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.
Дәл осы күні бастауыш сынып мұғалімі Газизова Г.Е. ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Татар тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс – шара барысында Г.Елдосқызы барлық оқушылар мен ұстаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдіріп кетті. 3 «Б» сыныбының оқушылары татар халқының ұлттық киімін кие отырып, татар тілінде жатқа мақал – мәтел айтып, орыс тілінде баламасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар әзірлеп келген татар халқының ұлттық тағамымен таныстырып, жасалу жолдарына тоқталды. Татар тілінде ән шырқап, оқушыларды қызықтырып, тамсандыра білсе, 7-9 сынып оқушылары үш тілде сайысқа түсті.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кенеева А.К. мен мектебіміздің кітапханашысы Бухарбаева З.Қ. ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» тақырыбының аясында 7-9 «А» сынып оқушыларының арасында «21 ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын бірнеше кезеңге бөлінді: 1 тур «Бәйге», 2 тур «Жорға», 3 тур «Полиглот» және 4 тур «Оратор». Әр кезеңде оқушылар өз білімдерін көрсетіп, белсенділік таныта білді.
11 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Мандибекова К.А. ұйымдастыруымен «Бала тілі - бал» атты бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста әр оқушы өздерінің жаттап келген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқи отырып, өнерлерін көрермендерге паш етті. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. І орынды 4 «А» сынып оқушысы Амантай С., ІІ орынды 4 «Б» сынып оқушысы Шепелева А., ІІІ орынды Дәрігерхан Кәусар
иеленсе, 1 «Б» сынып оқушысы Барч Таися мен 1 «А» сынып оқушысы Әскербек А. белсенділік үшін марапатқа ие болды.
Дәл осы күні мерекеміз жалғасын тауып, тарих пәні мұғалімі Кабельдинова Х.У. мен 5- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Неміс тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс – шара барысында Кабельдинова Х.У. өз сыныбымен неміс тілінде құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп кетті. Неміс халқының киімін киіп, неміс тілінде ән айтып, өлеңдер оқып, барлық көрермен оқушыларды тамсандыра білді.
12 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Ахамай өзге ұлт өкілдері балаларының арасында
«Ән – халықтың ажары» тақырыбында қазақша караоке - ән кешін ұйымдастырды. Бұл кештің басты
ерекшелігі - өзге ұлттың балалары өзара тек қазақ тілінде әндер орындап, сайысқа түсуі. Әр сынып өз өнерлерін ортаға салды. Кеш қорытындысы бойынша, «Қазақ елі осындай» әнімен көрермендерін тәнті еткен 5 Б сыныбы
бірінші орынды иеленсе, «Атамекен» хорымен шыққан 6 Б сынып тобы екінші орынды қанағат тұтты.
«Ұстазым» және «Көк тудың желбірегені» әндерін орындаған 8, 9 Б сыныптары үшінші орынды өзара бөлісті. Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Дәл, осы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хасенова Т.Е. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы атты тақырыбында танымдық іс – шара өтті.
Іс – шара барысында Хасенова Т.Е. сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспармен таныстырып өтті. Интербелсенді
тақтадан С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жолында фильм тамашалатты. Әр оқушы өз ойымен бөлісіп, өздері білетін ақынның өлеңдерін жатқа айтты.
13 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахамай Б. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы» атты ақпараттық танымдық іс – шара
өтті. Іс – шара барысында Ахамай Б.сабақтың мақсатын түсіндіріп, сабақтың кезеңімен таныстырып өтті. Сабағын жаңартылған бағдарлама бойынша өткізіп, оқушыларды қызықтыра білді. Интербелсенді тақтадан
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы жолында фильм тамашалатып, постер қорғатты. Әр оқушы өз ойын айтып, пікірімен бөлісті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенесарина А.М.. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Украйн тілі күні» атты іс – шара өтті. Іс – шара барысында Кенесарина А.М. өз сыныбымен украйн халқының тілі мен мәдениетіне тоқталып, кең көлемді мәліметтер беріп кетті. Украйн тілінде өлеңдер оқып, украйн халқының халық әнін орындап, көрерменді қызықтыра білді. Өздерінің дайындап әкелген украйн халқы туралы мәлімметтеріне тоқталып, өз ойларымен бөлісіп, оқушыларға жұмбақтар жасырып, білімдерін толықтыра түсті.
14 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахамай Б. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Қазақтың ұлы билері – Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би» көркемсөз сағаты өтті. Іс – шара барысында Ахамай Б. сабақтың мақсатын түсіндіріп, сабақтың кезеңдеріне тоқталып, интербелсенді тақтадан билер туралы фильм тамашалатты. Оқушыларды үш топқа бөліп, билердің нақыл сөздері мен баталары бойынша көркемсөз сайысын өткізді. Әр топ мүшелері өз білгендерін ортаға салып, билердің нақыл сөздерін айтып жарысқа түсті.
Қорытынды кезеңінде әр топтан әр биді сомдаған оқушылар ортаға шығып, бата берді.
17 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімі Кабельдинова Х.У. ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Сәке Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында танымдық іс – шара өтті. Іс – шара барысында оқушыларға Сәкен жайлы деректі фильмдер тамашалатты. 5-сынып оқушылары Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен
шығармашылық жолына тоқтала отырып, өлеңдерін жатқа оқыды.
18 қыркүйек күніне жоспарланған Тілдер мерекесінің апталығы әдеби-сазды концерттік бағдарламамен
қорытындыланды. Өнерге қанат қаққан оқушылар бұрала би билеп, әуелете ән салды. Өмірлерін өлең жолына арнап жүрген оқушыларымыз өз ана тілінде және ағылшын, орыс тілінде өлең жолдарын нақышына келтіріп оқыды. Апталықты қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ұжым басшысы Т.Е.Хасенова сөз
алып, апталық ішінде ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Б.Ахамай