Қыркүйек айының 6 - сы күні Мәншүк ауылының ЖОББМ Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, "Мәңгілік елімнің - мәңгілік тілі" атты тілдер онкүндігіне арналған онлайн іс - шаралардың ашылу салтанаты онлайн түрінде өтті. Тілдер онкүндігі бойынша мектебімізде өтілетін іс - шаралардың жоспарымен таныстыра отырып, өтілетін іс-шараларға жауапты мұғалімдер бекітілді.Онкүндіктің ашылуынан кейін, жоспар бойынша пән мұғалімдері іс-шаралар ұйымдастырады. Биылғы онкүндік Қазақ ақындарының мерейтойына арналады. Қазақтың бас ақыны—Абайдың ұлы мұрасына орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылады. Ал жыр алыбы -Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына орай мектептің 3-11сынып оқушылары арасында көркемсөзді мәнерлеп оқу сайысы өтілмек. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойына орай викториналық сұрақтар ұйымдастырылса, Қазақтың ұлы ағартушысы Ы Алтынсариннің 180 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауын ұйымдастыру көзделіп отыр.
Алдағы онкүндік барысында сынып сағатары мен қоса 8-11 сынып оқушылары арасында "Тілі бірдің-туы бір" атты латын қарпімен жазба жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, онкүндік барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен оқушыларға қызықты тапсырмалар орындау мен бейнефильм тамашалау, презентациялық көрсетілім жасау орындалмақ. Бұл іс-шаралардың барлығы онкүндік барысында жүзеге асады. Ал онкүндіктің жабылу салтанатында мектеп оқушыларын марапаттау рәсімі ұйымдастырылмақ.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Ахамай Б.