Текст
Қыркүйектің 7-сі күні Мәншүк ауылының ЖББОМ-де Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналып жасалған бейнероликті мектеп оқушылары онлайн форматта тамашалады. Бейнероликте Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы А. Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылық мұрасы көрсетілді. Әрбір оқушы зейін қоя тамашалап, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның басты мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа ақын мұрасын насихаттау.