Текст
Қыркүйек айының 9-ы күні мектебімізде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі,жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, 7-9 сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Мектебіміздің шәкірттері ұлы ұстаз жайлы ойларын ақ параққа түсірді. Бұл сайысқа жалпы 8 оқушы қатысты. 7-сынып бойынша 1-орынды Иса Дильназ, 2-орынды Жұмабек Мұхтар, 3-орынды Мамутхан Диас пен Амантай Санжар иеленді. Ал 8-9 сыныптар аралығында 1-орынды 9 а сынып оқушысы Хосылбек Айнұр, 2-орынды Иманғали Мадина мен Аман Аяулым, 3-орынды Кенжей Дильназ иеленді. Шығармашыл жас шәкірттеріміз көп болсын!