Текст
Қыркүйек айының 10-ы күні Мәншүк ауылының ЖОББМ-де Жыр алыбы - Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында көркемсөзді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп орындады. Іс - шараның мақсаты: оқушыларға ақын өлеңдерін жатқа оқыта отырып, поэзияға деген талпынысын арттыру. Ақынның өлеңдерін жастар арасында насихатттау.