Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық - шынымен де бақытты. Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.Артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында Мәншүк ауылының ЖОББМ -де қазақтың ақиық ақыны - Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған викториналық сұрақтар онлайн форматында өтіп, 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға белсене жауап берді.
#Мәншүкортамектебі
#Целиноградауданы
#Целиноградауданы2021
#МұқағалиоқуларыЦелиноград
https://www.instagram.com/tv/CT2fQJNDEi9/?utm_medium=share_sheet