Текст
Ана тілі-әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. Осы Асыл мұрамызды ұлағаттау мақсатында Мәншүк ауылының ЖОББМ тілдер күні мерекесіне орай, "Тілден қымбат қазына жоқ" атты бейнеролик дайындау байқауы ұйымдастырылды. Осы іс - шараға 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Үш тілде өздерінің білетіндерін ортаға сала отырып, бейнеролик дайындады. Тілге деген құрметі ерекше шәкірттеріміз көп болсын!