Текст
Қыркүйек айының 20-сы күні Мәншүк ауылының ЖОББМ -де қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында мектебіміздің директоры онлайн форматында ұстаздарымыз бен оқушыларымызды құттықтап, сәттілік тіледі. Оқушыларға бейнероликтер көрсетілді. Әрбір сынып жетекші онкүндіктің жоспарымен оқушыларын таныстырып, тапсырмалар берілді.