"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.10.2018

«Қыздар арасында»

қыз балалармен жүргізілген психологиялық тренингтің қорытындысы

  Мақсаты:Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, әрсынып қыздарының арасында достық қасиет қалыптастыру.

Сынып: 7-11

Жұмыс барысы:

1.   «Танысу тренингі»Оқушылар бір-бірімен жақын танысу үшін шеңбер бойымен тұрғызып, өз атын және өз аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есім қосып айтқызу. Ең соңынан қалауы бойынша 1-2 балаға бәрінің атын сын есімімен қосып қайталату.

2.    7-11 сынып қыздарына мектебіміздің медбикесі Жұбаева Таңсұлу Қоқышевна қыз бала бойындағы

өзгерістерді қыздарға ескертіп, сол жөнінде пікірталас болды.

 

3.    «Күн шуағы» жаттығуы. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе,

өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, соны білу және күн шуағына жазу.

 

4.    «Достық торы» жаттығуы. Қыз балалар арасында достық қалыпты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өз бойларындағы ерекше қасиеттерін айтты. Бір-бірлерін дұрыс түсіну үшін

қандай қасиеттерін бойымыздан табылу керек (келісім, сыйластық т.б.) Көптеген қасиетті айта отырып, жіпті бір-біріне лақтырып отырды. Соңында тор шықты, торды «достық торы» деп атап, достығымыз нығая берсін деп қорытындыланды.

5.   «Тілек айту» Қыз балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, тренингтік жаттығу қорытындыланды.

   Қорытынды: Қыз балалар бір-бірімен жақын танысып, бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін білді. Жаттығу басында тұйықталып тұрған қыздар ашылып, жаттығу соңына қарай белсенділік танытты. Бұл балалар алдағы уақыттта осындай жаттығулар болып тұрса деген тілектерін айтты. Барлығы қызыға қатысты.

Просмотров: 4946


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст