"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздық еткен жалықпас

06.10.2021

     Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, биология және химия пәндерінің мұғалімі Қойлыбаева Айнаш Мұқатқызы алғашқы еңбек жолын Мәншүк ауылындағы ЖОББ мектебінде бастады. Таңдаған мамандығының иесі ретінде атқарған жұмысы көпке үлгі боларлық ұстаздан үйренеріміз көп әлі. Сөзі нық,  мақсаты айқын, ісіне мығым,  мамандығының білгірі, мол тәжірибеге ие, талапшыл мұғалімнің қоғам алдында да, шәкірттерінің алдында да жүзі жарқын, абыройы асқақ болатыны белгілі.   Айнаш Мұқатқызы  - осы үдеден шыға алатын және шығып жүрген мұғалім. Әріден қозғамай, соңғы төрт-бес жылдың бедеріндегі қолтаңбасы бар істерінің біреріне ғана тоқталып өтсек, ұстаздың өлшеусіз еңбегіне көз жеткізеріміз анық. Жыл сайын мектеп оқушыларының дәстүрлі  аудандық кезеңіне баулыған шәкірттері топ жарып  шығып, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда биік белестерді бағындырып, тамаша жетістіктерімен қуантып келеді.  Куляу Елизавета,  Чунихина Анастасия, Мандриченко Галина-сынды  шәкірттері ұстаз сенімін ақтап  жүр.   Шәкірті Саруарова Алинаның  жазған Облыстық деңгейде  жоғары бағаланған   ғылыми жоба жұмысы  ұстаздың қаншалықты ізденімпаз, талапшыл да тыңғылықты, тындырымды жан екенінен хабар берсе керек. Мұғалім бүгінгі  таңда аталған мектепте жиырма жылға жуық қалтқысыз қызмет етіп келеді. Ұжымда абыройлы, әріптестермен ортақ тіл табысып, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары тізгінін ұстап,  білімі мен қабілетін тәжірибесімен ұштастырып, жұмыс барысын дөңгелітіп, жүйелі атқарып отыр. Педагог-сарапшы санатындағы  пән мұғалімі ретінде  "Биология, химия және жаратылыстану пәні сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың өзіндік таным белсенділіктерін дамыту"  проблемалық тақырыбын қолға алып жұмыс жасауда. "Еңбегіне қарай - өнбегі" деген бір керемет сөз бар. 
Төмендегі: 
       ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында Биология пәнінен қашықтық олимпиадасында, 2020 ж. ІІ дәрежелі диплом, 
       Республикалық «Кемеңгер ұстаз » олимпиадасының, 2020 ж. ІІ дәрежелі диплом, 
       Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты  Химия пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасын, 2020 ж. ІІ дәрежелі диплом, 
       Республикалық қашықтық олимпиада сайты Биология пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадада, 2020 ж. ІІ дәрежелі диплом, 
       Биология пәнінен Халықаралық олимпиадада 2020 ж. І орын, диплом, 
       Лучшая педагогическая статья" байқауынан 2020 ж. І дәрежелі диплом, 
       Республикалық ғылыми-танымдық "Білім айнасы" газеті, Республикалық ғылыми-әдістемелік "Тағылым" журналынан алған,  өзге де бірнеше байқауларда жеткен жетістіктерін - ұстаз еңбегінің айқын көрінісі деп білеміз. 
        Сондай-ақ, Целиноград ауданы әкімінің 2018 жылғы және Аудандық білім бөлімінің 2021 жылғы Алғыс хатымен марапатталған. 
        Өз мамандығын шынайы сүю, қастерлі білім ордасының  әр мүлкіне құрметпен қарап, оған қамқорлық, жанашырлық таныту - оның бойындағы ерекше қасиеттерінің бірінен саналады. Мектеп мұражайын қайтадан жасақтап, жабдықтау, қалпына келтіру  барысында, көмек қолын созып, игі істің жүзеге асуына себепкер болғаны да  баршаға мәлім. Дүйім оқушылар озық технологиялардың игілігін көруі үшін,  мектепті  заманауи үлгідегі музыкалық қондырғымен қамтамасыз ету, соған қол жетізу жолында бұрынғы мектеп түлектерін, кәсіпкер азаматтарды жұмылдырып, зыр жүгіріп жүріп  еткен еңбегі ақталып, өз жемісін   берді. Сол құрылғы мектептің ең көрнекті де аяулы мүліктерінің бірі бүгінде.  Жасыратыны жоқ, білім ошақтарында түрлі іс-шараларға байланысты  құрылғыға жүгінер кезіміз көп-ақ. 
         Әріптесіміздің ұстаздық жолды таңдауы да  кездейсоқ емес. Әлемдегі ең аяулы, ең қастерлі және ең қажетті мамандықтардың бірі - мұғалімдік екенін ерте сезінген ол бала күнінен мұғалім болуды армандайтын... 

         Заман сұранысы тұрғысынан келсек, қазіргі кезең - мұғалімнің  бір сәтте бірнеше жұмысты атқару қажеттігі туындаған кезең секілді.  Иә, мұғалім бәріне үлгеруі керек. Бұл жазбадағы мақсат бір адамның жасаған жұмыстарын жіпке тізгендей айтып шығу емес, игі істерді дәріптеу, өзгеге үлгі ретінде ұсыну ғана. Еткен еңбектің еленгені - бір ғанибет. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын"  дегенді де ескердік.
         Сөз соңында,  әңгімемізге арқау болып отырған әріптесіміздің отбасы жайлы бір ауыз сөз;  Ол - ауылымыздағы  ең сыйлы Жақсылық - Рымтай  атты қарияларымыздың сүйікті келіні, елдің ертеңі үшін  білек сыбана іске кірісіп, еңбек етіп, ат үстінде жүрген Ғалым есімді абзал азаматтың  адал жары, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген аяулы ана, немерелерінің мейірбан әжесі. Біз білетін Айнаш Мұқатқызы - осындай жан. 
          Келе жатқан Мұғалімдер күні құтты болсын!

Әріптестер ұжымы

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст