Күні:20.11.2018 жыл
Сынып:5-6 сыныптар, 7 сынып көмекшілер
Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы:«Жұлдызды сәт»
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылырдың ойлау қабілeтін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамутушылық: ұйымдастырушылық қ абілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін — өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Сабақ кезеңдері:
1. Сабақ басы: (10мин)
- амандасу,таныстыру;
- әділ-қазылар алқасымен таныстыру;
- топтардың дайындығы, таныстыруы.
2. Сабақ ортасы: (25 минут)
Сайыстар:
- «Викторина сұрақтары» - 3 минут
- «Жұмбақтар» - 5 минут
- «Мақал- мәтелдер» - 5минут
- «Сиқырлы шаршы» - 4 минут
- «Арифметикалық домино» - 8 минут
Сайыстармен қатар топ командасы сурет салады 1-ден 20- ға дейін сандарды, бірақ тізім бойынша емес, шаттастырып салады
Суреттің критерилері
- әдемі,нақты сандар болу керек;
- сандар араласып тұру керек;
- сандардың пішімдері, түстері, жазу шрифтары әр түрлі болу керек
3. Сабақ аяғы:(5 минут)
- «Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»»- 5 минут
Сабақ басы
Уа, халайық,Халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тіліне, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін «Жұздызды сәт» атты математикалық сайысына«Қош келіпсіздер!». Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осысайысқа қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт-сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
1-топ_________________, 2-топ _________________.
Білейміндеп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,
— дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады).
Жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, әр топ өздерін таныстырып кетсін.
1-топ ______________, 2- топ ______________,
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз «Ғажайып жұлдыз» сайысына кезек береміз.
1-жұлдыз сұрақтары:
5. санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса
2-жұлдыз сұрақтары:
5. 9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе
Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз: (Әр топтың топбасшылары қатысады, әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі, егер топбасшысы шеше алмай жатса топ мүшелері көмектесе алады, бірақ та ұпай саны 2-ге кемиди)
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
Жауабы: 30 қаз
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
Жауабы: 4
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 70 үйрек
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?
Жауабы: 24
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?
Жауабы: 45 алма
Қанша жұмыртқа қалды?
Тауықтың біреуі
Бес балапан шығарды.
Көптен күтіп жүреді
Інім қатты қуанды.
Он жұмыртқа бастырған
Қарай алмай шаршады
Жаулығының астында
Жатыр әлі қаншауы? Жауабы: 5
Қанша жанғақ?
Портфелде әуелі
13 жаңғақ бар еді
Науат пен Маратқа
Самат пен Сағатқа
Апасына Қанаттың
Екі — екіден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным
Жауабы: 3
Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі –
Отыр еді шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің
Жауабы: 11
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы шаршы». Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді
1 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
2 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
Жауаптары:
10 |
3 |
8 |
5 |
7 |
9 |
6 |
11 |
4 |
11 |
4 |
9 |
6 |
8 |
10 |
7 |
12 |
5 |
«Арифметикалық домино». Ойынды қолында ең кіші сан жазылған карточкасы бар ойыншы бастайды. Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс орындалатындай өзінің карточкасынан сәйкес келетінін жалғастырып қояды. Егер ойыншыда қажетті карточкалар жоқ болса, ойын кезегін келесі ойыншы алады. Осылай ойнай отырып, кім бірінші болып өзінің барлық карточкаларын қойып бітірсе, сол 10 ұпайға ие болады.
=238 |
30*7 |
=47 |
17*40 |
=280 |
40*24 |
=30 |
25*9*4 |
=19 |
50*19 |
=85 |
92*7 |
=210 |
35+47 |
=680 |
460+470 |
=960 |
130*4 |
=900 |
205*4 |
950 |
80+45 |
=644 |
200-35 |
=82 |
240:6 |
=930 |
400:25 |
=520 |
420:3 |
=820 |
490:7 |
=125 |
850:50 |
=165 |
648:8 |
=40 |
71-24 |
=16 |
650-370 |
140 |
900:30 |
=70 |
760:40 |
=17 |
135-50 |
=81 |
270-32 |
VII кезең.
Жүргізуші: Математика
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де Математика — Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып — келесі кезең «Көңілді санау» сайысы.
Суреттегі сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының кестедегі сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы 5 ұпайға ие болады.
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаздарын тапсырады.
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады) Музыкалық сәлем.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!