"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.12.2018

Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау жүрісі

«Жас ұлан» , «Жас қыран»

    Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына, патриоттық ән байқау  жиынына  қош келдіңіздер.

    Жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық

ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

    Жүргізуші:

 «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың

«Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын.

 

    Жүргізуші:

 Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар құрметті қонақтар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.   

    Жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

Кадр сыртындағы дауыс: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар!

    Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен «Жас Ұлан» ұйымының туы кіргізілсін!

(Салтанатты марш ырғағымен) (гимн орындалады ) 

2.Жүргізуші:

«Жас Ұлан» - шыншыл патриот

«Жас Ұлан» - нағыз топжарған

«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

«Жас Ұлан» - жауапты азамат

«Жас Ұлан» - сенімді дос

«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»

1.Жүргізуші:

«Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

2.Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

1.Жүргізуші:

«Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау құрметі мектеп директоры мен орынбасаларға және мектеп абыройын аудан, облыс, респулика көлемінде қорғап жүрген оқушыларға беріледі.  (галстук тағады)

2.Жүргізуші:

Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

    Жүргізуші: 8 - сынып оқушысы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасшысы ант береді:

А Н Т

Біз, №26 мектеп оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер

ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге ант етеміз.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде  «Ант етеміз!» деп 3 рет айтады.

1.Жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Хасенова Тұрсынгүл Еркенқызына   беріледі.

1.Жүргізуші:

ҚР туы мен Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын.(Музыка ойналады)

1.Жүргізуші:

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.

Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,

Сонымен кешімізді бастайық біз.

 Ән: «Ағатайым  ай...»Тұрсынбек Кәусар  орындауында

Ведущий

2. Мы все разные!

У нас разный цвет волос и глаз!

Разные увлечения!

Разная вера!

Мы слушаем разную музыку!

Нас объединяет одно:

Любовь к родной земле!!!

На сцену приглашаем 5-7 «б» Қазақ елі осындай

1 Жүргізуші:

Мерейім – нұрлана бер, азат күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Ортаға 6 сынып оқушыларын «Көк тудың желбірегені» әнімен шақырамыз.

 

Ведущий

2.  На карте мира не найдешь

Тот дом, в котором ты живешь,

И даже улицы родной

Мы не найдем на карте той.

Но мы всегда на ней найдем

Свою страну – наш общий дом!

Любовь к Родине каждый из нас впитывает с молоком матери… Первые слова, которые мы учимся писать, - «мама», «Родина» и «Казахстан»

6 – 8 – 11 «б»  с песней  "Атамекен" на сцену приглашаем .  

Ортаға 7 «а» сынып оқушысы Сагинбек Арсен  «Алға Қазақстан» анимен ортаға шақырамыз.

Ортаға 8 «а» сынып оқушысы «Тек алға анимен» Әскербекова Алтынай

1 Жүргізуші:

 Қазақ деген пейілі кең бай халық

Толды арманы егеменге айналып

Бейбітшілік қорғанындай сенімді

Сарбаздары сап түзеді сайланып

Ортада  Сарбаздар әнімен  9а сынып оқушысы Жиренов Ділмұраттың орындауында Рүстем Көшебаевтың сөзіне жазылған Оралхан Садуақасовтың әні «Ән сал, сарбаз»

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст