"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тоғызқұмалақ ойыны

24.01.2022

     Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кинеев Архат Арғынұлы мектеп оқушыларын тоғызқұмалақ, волейбол ойнауға баулып жүр. Сондай-ақ, ұстаздардың да спортпен айналысуына септігін тигізіп, әр бейсенбі күні волейбол үйірмесін бірнеше жыл бойы өткізіп келе жатыр. Спортпен айналысудың денсаулыққа пайдасын түсіне отырып, Архат Арғынұлына алғысымызды білдіреміз.

Тоғызқұмалақ ережесі

 
 

 

 

     Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әрыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

     Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

      Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
  9 9 9 9 9 9 9 9 9 Қостаушы қазаны (0)
  9 9 9 9 9 9 9 9 9 Бастаушы қазаны (0)
отаулар №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст