Текст
Адам өмірінде эмоционалды көңіл күйдің жақсы болуы жетістікке жетелейтін жолдардың бірі деп айтуға болады. Әрине кез келген адам жақсы дүниені көруге, айналасына мейірімділікпен қарап, адам бойынан жақсы қасиеттерін көруге, жақсылық жасауға тырысса, оның көңіл күйі де жақсы болады. Осы орайда психологтардың беретін кеңесіне құлақ түріп жүрген дұрыс. Мектебіміздің психологы Смайлова Мария Мұратқызы Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектеп ұстаздары мен оқушыларының көңіл күйлерін анықтап, оны жақсарту үшін іс-шара өткізді. Оқушыларға психикалық денсаулық сақтау жолдарын түсіндірді.