Текст
Қазіргі кезеңде ұстаздың тек сабақ беруші рөлінен, өз тәжірибесімен бөлісе алатын, түрлі сайыстарға қатысып өзінің пәндік білімін шыңдап, үнемі пәндік білімімен қатар, педагогикалық, технологиялық білімдерін жетілдіріп отыратын, өз білгенін өзгеге үйрете алатын дәрежеде болуы өте маңызды. Осы орайда мектебіміздің ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетіп, бағыттап отырамыз. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде информатика пәнінің мұғалімі Сармулдиева Б.А. мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Олжабаева А.У. өздерінің қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау тәжірибесімен бөлісіп, "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының және "Білім айнасы" электронды журналдарына сабақ жоспарын жариялап, сертификаттарға ие болғанын атап өтуге болады.