Текст
Қыздардың тәрбиесі әрқашанда аналарды алаңдататыны анық. Мектебімізде Аналар кеңесі жанынан "Қыздар ұйымы" осыдан 2 жыл бұрын қыздармен жұмысты қолға алған болатын. Пандемияға байланысты бұл жұмысымыз кішкене тоқтап қалып, биыл қайта қолға алып жатқан жайымыз бар. Аптаның әр күніне белгіленген жоспар бойынша мектебіміздің ұстаздары қыздарымызды түрлі өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді игеруге баулитын болады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабельдинова Хатима Уагаповна қыздарға аспаздық өнерін үйретуде. Қыздарымыздың өнерлі, инабатты, ақылды болып өсуіне бар күш-жігерімізді, білімімізді жұмылдыруға дайынбыз. Алла ісімізге сәттілік берсін!