Текст
Мектебіміздің оқушылары ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бес асық" ойыны мен "Асық атудан" аудандық жарыста финалға өтіп, бүгін жеңіспен оралды. 11 сынып оқушысы Күмісбай Әли мен 7 сынып оқушысы Есенғазин Темірлан асық атудан 1 орынды иеленді. Жаттықтырушы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қожамжар Дүйсенбай Жұмабекұлы. 8 сынып оқушысы Кенжей Дильназ бен 9 сынып оқушысы Хосылбек Айнұр "Бес асықтан" 3 орынды иеленді. Жаттықтырушы - бастауыш сынып мұғалімі Ажибаева Марал Капаровна. Жеңістеріңіздің жемісін көріңіздер!