"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.12.2018

Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі- тәуелсіздік»

Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін   арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Тақпақтар арқылы ой өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:  Мемлекеттік нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. 

Көрнекілік: интерактивтік тақта,  нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы: - Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңерімізді құрайық, 

Бір шаңырақ астында 

Қазақстанда тұрамыз 

Бірге сайран құрамыз 

Бір үйде біз тұрамыз. 

Өте жақсы балалар.

Мұғалім: Әнұраным, әнұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраным.  (Ән ұран орындалады)

Қандай мерекеге жиналып отырмыз?

Біз қандай мемлекетпіз?

 Балалар Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

- Балалар әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?

- Балалар тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?

- Елтаңбамызда ненің бейнесі бар?

Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Тудың түсі көк, оң жақ шетінде ою – өрнек, ортасында күн және қыран құс.

Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның

қайраттың нышаны. Жұдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.

Видео ролик: 16 желтоқсанға байланысты.

Мұғалім: Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арнап тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ ұрпақ екенімізді көрсетейік.

              Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 27 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 27 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлов ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Балалар осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек.

1.Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел тосқан,

Атамменен барғанмын.

2. Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік ұлы той.

3. Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Балалар 1991жылы 16шы желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.

Оның тұңғыш президенті болып  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 

6 шілде 1940 жылы, Шамалған ауылында өмірге кеді.  Қазақстанның мемлекет қайраткері. 

- Алдар Көсе домбырасымен әндетіп топқа кіреді.

Мен алдармын, алдармын

Бәрінді де алдармын о-о, а-а.

Алдар Көсе: - Балалар мен Астана қаласынан келе жатырмын. Онда Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған той болып жатыр. Мен сендерге сол тойдан келіп отырмын.

Қазақстанның елордасы Астана қаласы. Онда өте әдемі ғимараттар салынған. Соның бірі Бәйтерек пен ЭКСПО-2017. Ол Астана қаласының ортасында орналасқан. Өте биік әрі сұлу, ғимарат. 

Әсем қала Астана

Ел қызыққан жас қала

Астана деп жазамын

Ақ параққа тағыда

Ал өзіміз қайда тұрамыз?

Жарайсындар балалар!

Мұғалім: Алдар Көсе бізде Тәуелсіздің 27  жылын тойлап жатырмыз. Сондықтан балалар саған  тақпақтары мен әндерін  айтып бергісі келеді.

1.Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүрекке намыс оты сөнбеген

Ызғарына аяздың төзгендерін

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін

2. Жан- Ордамның ашып тастап түндігін

Желпінетін серпілетін күн бүгін

Желтоқсаным- жасымаған жігерім

Желтоқсаным –шырылдаған шындығым.

3. Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

4. Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


5. Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

6. Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

 

 «Желтоқсан желі» әнін орындайды.

Ән: «Мен қазақпын»

Алдар көсе: жарайсыңдар! Менде сендерге арнаған күйім бар соны тарту етейін.

Сергіту сәті: 

Жоғары қарап күн көрдім, 

Төмен қарап жер көрдім 

Оңға, солға бұрылып, 

Егеменді ел көрдім. 

Дидактикалық ойын: 

«Туызымды тап»  Қазақстанның Республикасының туын тауып маркермен белгілеу керек.

1-топ

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?

А) Талғат Мұсабаев           Ә) Нұрсұлтан Назарбаев

Б) Дариға Назарбаева        В) Сара Назарбаева

2.Қазақстан Туы мен Елтаңбаның түстері қандай?

А)көгілдір және алтын          Ә) алтын және жасыл

Б) ақ және көгілдір                 Б) көк және қызыл

3.Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

А) жұлдыз  Ә) шаңырақ

Б) қанатты пырақтар               Б) уық

4. «шаңырақ» сөзі қалай аударылады?

А) подпорка для купола юрты     

 Ә)крылатые кони

Б) купол юрты                     

В) звезда

2-топ:

1. ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды? ( 1991ж)

2. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? ( 30 тамыз 1995ж)

3.Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )

4Ұлы Отан соғысының батырларын ата.( Ә. Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Момышұлы)

Ән: «Жүрегім қазақ»

 Мұғалім: - Алдар Көсе саған арнап балалар сыйлық жасап береді.

Дайын Байтерек пен ЭКСПО-2017 суретінің қимасын құрастырып жапсырып Алдар Көсемен қонақтарға тарту етеді

Алдар Көсе: - Сыйлықтарың маған ұнады, рахмет.! Сау болыңдар балалар!

Қорытынды: - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғанына қанша жыл болды? ( 27 жыл)

- Бізге қонаққа кім келді? ( Алдар көсе)

Мерекеде қандай ойын ойнадық? ( Туымызды тап)

Нені жапсырып  Алдар көсе мен қонақтарға тарту еттік? ( Бәйтерек пен ЭКСПО-2017)

Хор: «Қазақстан бақытты»

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2762


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст