Текст
27 маусым күні "Балдырған" лагерінің 3 ауысымы Нұрсұлтан қаласына барып қайтты. Ол жерде балалар Қазақтың Ұлттық мұражайында экскурсия жасады. Мұражай экскурсоводтары балаларға мұражайдың барлық жерлерін көрсетіп, көптеген қызықты мәліметтермен таныстырды. Мұражайдан соң балалар кинотеатрға барып, онда олар "История игрушек-4" атты мультфильмін көріп, балмұздақ жеп, мәз-мәйрам болып ауылға қайтты.