Текст
Жазғы демалыс уақытында ыстық күндері балалардың барлығы суға барып түсетіні айдан анық. Сол себепті мектебімізде мұғалімдер мен оқушылардан құрылған "Құтқарушылар" тобы мектеп оқушыларымен суға түсу кезіндегі қауіпсіздікті түсіндіру жұмыстарын өткізген болатын. Балаларға суға түсуге үлкендермен бірге бару керек екендігін және суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп қана қоймай суға бату кезіндегі алғашқы жәрдем шараларын қалай көрсету керектігін көрсеткен болатын.