02.06.2022
Мәншүк ауылының Аналар кеңесі жанынан ашылған "Мәншүк" қыздар клубының мүшелері 15.04.2022 жылы Целиноград ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Какабаева Зауре Балуановнаның ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының 17 мектеп- гимназиясының "Мәншүк" қыздар клубымен кездесіп, өз өнерлерін, үйренгендерін ортаға салып келді. "Қоғамдық келісім" КММ төрағасы Раисов А., Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы Жазиева А. қатысуымен өткен кездесуде Целиноград ауданының Қоянды, Қызылсуат және Мәншүк ауылдарының қыздар клубы өз жұмыстарын таныстырды. Олар Көкшетау қаласындағы Достық үйінде өткен кездесуге қатысып, қолөнер көрмесін тамашалап, өзара тәжірибе алмасып, ынтымақтастыққа алғашқы қадам жасады. Осы кездесуді ұйымдастырған Зауре Балуановнаға, қыздарымызбен жұмыс жасап жүрген Аналар кеңесінің мүшелеріне, оларды осы сапарға дайындап, апарып әкелген Балтабаева Б.К. алғысымызды білдіреміз! Қыздармен бірнеше жыл бойы тоқу, тігу, қолөнер бағытында жұмыс жасап жүрген Мәншүк ауылының Аналар кеңесінің мүшесі Исаева А.Д. "Қоғамдық келісім" КММ төрағасы атынан Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз! Істеріңіз әрдайым алға басып, қыздарымыз өнерлі, инабатты, тәрбиелі, шебер болып өссін деп тілейміз!