02.06.2022
Аналар кеңесінің қыздармен жұмысы жалғасуда. Қыздарды болашақ өміріне қажетті болатын шаруаларға үйретіп, шеберлік сыныбын көрсетіп жүрген Мәншүк ауылының Аналар кеңесіне алғысымыз шексіз. Бүгін 5.05.2022 ж. Аналар кеңесінің мүшесі Мария Мұратқызы 5-11 сынып қыздарына қолдан сабын жасауды көрсетіп, бірлесіп бірнеше түрлі түсті, әдемі сабындар жасап шықты. Сабын дайын болғанша қыздармен психолог ретінде нейрографика бойынша да жұмыс жасап, уақытты тиімді пайдалана алған Мария Мұратқызына рахмет айтамыз.