02.06.2022
Бүгін Мәншүк ауылының ЖОББ мектебінде Көкшетау қаласының 17 мектеп-гимназиясының "Мәншүк" қыздар клубының Мәншүк ауылының осы аттас қыздар клубы, Аналар кеңесінің басқосуы жоғары деңгейде өтті. Кездесуді ұйымдастырушы Целиноград ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Какабаева Зауре Балуановнаға, Целиноград ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне ерекше алғысымызды білдіреміз! Аналар кеңесінің жанынан ашылған "Мәншүк" қыздар клубының жұмысын Аналар кеңесінің мүшелері, клуб жетекшілері түрлі бағыт бойынша көрсетіп өтті. Оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, тігу, тоқу, ән айту, би билеу, ас дайындау, бес асық ойнау т.б. бар. Көкшетау қаласынан келген қонақтар да өз өнерлерін ортаға салды. Келген қонақтардың ішінде Ақмола облысының Аналар кеңесінің төрайымы және "Мәншүк" қыздар клубының жетекшісі Жазиева Айнагүл Сабырбековна, ҚР Ақмола облыстық Ассамблеясының жобаларды іске асыру бөлімінің маманы Караканова Гульнара Өмірбаевна, 17 мектеп-гимназиясының тәрбие ісінің меңгерушісі Жамишева Әсел Ануарбековна және қыздар клубының мүшелері болды. Көкшетау қаласының қыздар клубымен таныстығымызды жалғастырып, өзара тәжірибе алмасып, жұмысымызды түрлендіріп, жақсарту алдағы уақыттың еншісінде. Ең бастысы, қыздармен жасап жүрген жұмысымыз оларға пайдалы болып, өз жемісін берсін! Уақытын бөліп, өз білгендерін қыздарға үйретіп жүрген Мәншүк ауылының Аналар кеңесіне алғысымызды білдіреміз!