"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік елімнің - мәңгілік тілі" атты тілдер онкүндігі

20.09.2022

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің   2017 жылғы  31 қазандағы №  689 қаулысымен  ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының  туған күні - 5 қыркүйек  «Қазақстан халықтарының  тілдері  күні»  болып жарияланғаны  белгілі. Осы  орайда қыркүйек айының 5-і күні Мәншүк ауылының ЖОББМ Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, "Мәңгілік елімнің - мәңгілік тілі" атты тілдер онкүндігіне арналған іс - шаралардың ашылу салтанаты өтті. Іс шара барысында мектебіміздің директорының м.а Утебаев Ж.Қ. сөз алып, оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың ақпарат берді. Сонымен қатар оқушыларымыз ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып кетті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Б.Ахамайқызы тілдер онкүндігі бойынша мектебімізде өтілетін іс - шаралардың жоспарымен таныстырды.

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст