Текст
Ұлы тұлға, ұлттық әліпби жасаған реформатор, қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған қайраткер, ақын, аудармашы, сыншы - қазақтың біртума данагөй перзенті Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған онкүндіктің екінші күнінде жоспар бойынша өмірбаяндық фильм көрсетілді. Фильмде ахметтанушы ғалымдар, ұлы тұлғаның ұрпақтары бірталай мәліметтер айтты. Фильм желісі бойынша оқушылар мен мұғалімдер өз ойларын ортаға салып талқылады. Ұстаздарының қойған сұрақтарына көбірек жауап берген оқушылар ұпай жинады. Онкүндік нәтижесі бойынша көп балл жинаған оқушылар сыйлыққа ие болады.
Мерейтой баршамызға құтты болсын!