Текст
Қыркүйек айының 13-і күні Мәншүк ауылының ЖОББ мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Какенова Д.А. мен Әлия Казбекқызының ұйымдастыруымен үш тілде "Тіл шебері" атты сайыс өтті. Сайысқа 5- 8 сынып оқушыларының арасынан ағылшын, орыс, қазақ тілін жақсы білетін оқушылар қатысты. Сайыс барысында оқушылар ағылшын тілінде сұрақтарға жауап бере білді. Жұмбақтардың жауабын үш тілде айта білді. Ағылшын тілінде тапсырмаларды орындай отырып, өз ойын шамалары келгенше айта алды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, орын алған оқушылар марапатталды. 1- орынды 6 а сынып оқушысы Мұраліп Әмір иеленсе, 2-орынды 8а сынып оқушысы Иса Дильназ, ал 3-орынды 8б сынып оқушысы Смирнов Матвей жеңіп алды. Осындай жеңімпаз, талантты оқушыларымыз көп болсын!