Текст
Қыркүйек айының 15-і күні Мәншүк ауылының ЖОББ мектебінде "1001 мақал-101 жұмбақ" атты сайыс өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейімбет Жақанұлы 9а сыныбымен өткізді. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тапса, екінші кезеңде мағынасын аша отырып, өз пікірін ортаға салды. Үшінші кезеңде жұмбақтардың жауабын таба отырып, сол сөздерден сөйлем құрады. Оқушылар белсендік таныта отырып, өздерін жақсы қырынан көрсете білді.