Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылының ЖОББ мектебінде
2023-2024 жаңа оқу жылының 10 қарашасында Мәншүк ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде "Қамқоршылық" кеңесінің І отырысы өтті. Кеңес барысында "Қамқоршылық" кеңес мүшелері жаңадан сайланып, кеңестің нормативтік құжаттарымен танысты. Қамқоршылық кеңестің төрағасы ретінде Койлыбаев Ғалым Жақсылықұлы бекітілді.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Қамқоршылық кеңес төрайымын сайлау (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстыру);
2. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу және ережесімен таныстыру;
3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру;
4. Мектепішілік іс-шараларға Қамқоршылық кеңестің қатысуы.