"Алгоритм" онкүндігі
Бүгін, яғни 5.02.18-16.02.18 ж аралығында мектебімізде "Алгоритм" математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі басталды. Алғашқы күні 5 - 11 "А,Б" оқушыларын мектеп залына жинап, бірлестік жетекшісі Жакупова Асель Ораловна мен математика пәнінің мұғалімі Евцихевич Ирина Михайловна онкүндіктің басталғанын айтты. Мұғалімдер онкүндіктің "Бүкіл әлем нақты ғылым тілінде сөйлейді" атты тақырыппен жұмыс жасайтынын және оның мақсаты "Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ". Жоспар бойынша бүгін онкүндіктің ашылуына байланысты сыныптарға математика, физика және информатика пәндері бойынша әр түрлі тапсырмалар шариктардың ішіне жасырылып, әр сыныптан оқушы шығып, таңдаған шарикті жарып, сыныбына тапсырма алып, сол тапсырманы плакатқа барлық сынып болып жұмыс жасап бір аптаның ішінде мұғалімдерге тапсыру жүктелді. Тапсырмаларға тоқталсақ, ол ребустар, сөзжұмбақтар, логикалық тапсырмалар, жұмбақтар және рефераттар. Онкүндіктің алғашқы күнінен бастап, алгебра пәнінен Балтабаева Бақытгүл Қайкеновна 7 "А" сыныпта "Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру"ашық сабағын өткізді. Сабақ қызықты да, әрі жаңа бағдарламаға сай өткізілді. Оқушылардың барлығы бір кісідей жұмыла есептер шығарып, жаңа технология әдістерінде қолданып, сабақты өте керемет өткізді.
Бірлестік жетекшісі: Жакупова А.О.