"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01.02.2018

Тақырыбы: «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали оқулары

Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын  арттыру,  тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

  1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын жайлы ой өрбітіп, оның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқимыз.

  2-жүргізуші: Өзі айтқандай оның өмірден өзі кетсе де өлеңі өшпей ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

  1-жүргізуші: Ақын дүниеден өткелі 42 жылға жуық уақыт болды. Мұқаңның жұлдызы күн өткен сайын жарқырай түсуде, оны поэзияға деген адалдығы деп түсінеміз. Мұқағали Мақатаевты білмейтін, оның жырын тыңдамайтын қазақ жоқ шығар.

  2-жүргізуші:  Жазылар естеліктер мен туралы,

 Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

 Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

 Бүтінделмей кеткен бір ертұрманы.

  1-жүргізуші: Олай болса, құрметті халайық, бүгінгі «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали оқулары сайысын

 бастауға рұқсат етіңіздер!  Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры  Хасенова Т.Е. береміз.

Ортаға  қазақтың ақиық ақыны – Мұқағалидың жырларын бойына сіңіріп өскен, өлеңдерін ойына тоқып, толғандыра, тебіренте жырлайтын 7 «А» сынып оқушысы - Әскербекова Алтынайды шақырамыз.

2-жүргізуші:  Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,

                      Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

                 Абай болып табынсам бір кісіге,

                      Абай болып түңілем бір кісіден, дей келе ортаға 

3 «А» сынып оқушысы Амантай Санжарды шақырамыз.

  1-жүргізуші: Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

                      Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

                      Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

                      Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін...

  Ортаға  2 «А» сынып оқушысы Аман Аяулымды шақырамыз.

   2-жүргізуші:  Поэзия! Менімен егіз бе едің?

 Мен сені сезесің бе неге іздедім? -  деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырымен бүкіл қазақтың жүрегінің түпкірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.

 4 «А» сынып оқушысы  Иманғали Мадина 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, деп Абай атамыз жырлағандай «Бақыт деген»  әнімен 4 «А» сынып оқушысы Тұрсынбек Кәусарды қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:  Талай түскен ақын жаны талқыға,

                      Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына.

       Мұқағали тек қана ақын болатын

                      Сауысқандар атанғанда «Қаршыға».

                       Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

                      Еңбегінің қызығын да көре алмай,

                       От боп жанып өтіп кеткен ақынға

                       Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай!

 6 «А» сынып оқушысы Жақсылық  Айғаным

 2-жүргізуші: Өлеңдері қандай еді ақынның,

                       Себелетіп жүрегіңе нұр шашқан.

  Ал әндері қандай еді мөп - мөлдір,

                       Тыңдай бергің келе береді тыңдасаң...

  Ортаға  4 «Б» сынып оқушысы  Мамбетова Октябринаны шақырамыз.

1-жүргізуші: Батар күн, келер түн.

                      Атар таң, шығар күн.

                      Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын.

                     Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,

                     Осы мен сірә да өлмейтін шығармын.

                     Өмірім сірә да әріден басталған.

                     Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

                     Осы мен өлмейтін , өлмейтін шығармын,

                     Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.

  Ортаға   2 «А» сынып оқушысы   Жумагулова Гульнарды шақырамыз. 

2-жүргізуші:

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.

Сел - жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар,

Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар,- деп  ақынымыз жырлағандай  8 «А» сынып оқушысы Амантай Қызғалдақты қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:  «Кең дүние төсіңді аш мен келемін,

                        Алынбаған ақым бар сенде менің».

                        Деген ұлың өмірде көп жылапты,

                        Тиіп кетіп кесірі сендейлердің.

 Ортаға   2 «А» сынып оқушысы Ашимова Анеляны шақырамыз.

2-жүргізуші:  Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтті ұлың,

                       Жұбатам деп өзгелерді жұтты мұң.

                       Құтқарам деп өзгелерді тепкіден

                       Өзі қалды астында сол тепкінің.

6 «А» сынып оқушысы Жолды Гүлбарам

1-жүргізуші:  Мұқағали,

                       Еленбедің қатарыңнан шет қалдың,

                      Сырларыңды дәптеріңе ақтардың.

                      Дәл бүгінде сайрап жатқан секілді

                     Бұлбұлдары сен дем алған бақтардың.

                     Сен тірісің мәңгілік, мәңгіліксің.

 3 «А» сынып оқушысы Қабдулла Томирис

2-жүргізуші:  Білемін керемет бір күн келеді,

                      Жайнайды , жасыл бағым гүлденеді.

                      Көремін керемет бір күн кешемін,

                      Болашағым сенімен бірге өсемін,- деп өз заманымен ғана емес, болашақпен бірге өмір сүретінін ақын білді, ол жырларының болашағына сенді.

 8 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Дария

 1-жүргізуші:  Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер.  Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек деп келесі сөзді қазылар алқасына береміз.

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст