"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА МАНШУК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.01.2018

Мәншүк ауылының №26 орта мектебінде қаңтар айының 15- і күні  тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты болды.

Мақсаты:  Тілдер онкүндігіне  орай өткізілетін іс - шаралар арқылы оқушылардың  тілге деген сүйіспеншілігін ояту, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге, құрметтеуге бағыттау.    

Аталған мектепте қаңтардың 15 - і  күні Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты болып,  сөз кезегі мектебіміздің директоры Т.Е. Хасеноваға берілді. Мектеп директоры ұсаздар қауымы мен  оқушыларды тілдер онкүндігінің ашылуымен құттықтай отырып, қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттады. Тілдер әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Б.Ахамайқызы онкүндіктің ашылу салтанатымен құттықтап, тілдің ерекшелігі мен тілдің қасиеттілігіне тоқталды.  Атқарылатын іс – шаралардың жоспарымен таныстырып, оқушылардың белсенді атсалысуын өтініп, бар ынта – жігерімен қатысқан оқушылар марапатқа ие болатынын атап айтты.

Осы күні үзіліс уақытында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Ахамайқызы 5- 11  сыныптар арасында, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңді жалғастыр сайысын өткізді. Аталған сайысқа барлық оқушылар белсене ат салысты десем, артық болмас деп ойлаймын. Атап айтар болсам,  Д. Жұмабекова, А.Жақсылық, А.Хосылбек сынды шәкірттеріміз  өлеңді нақышына келтіре , сезіммен, жүректі тебіренте оқыды. Осындай қазақтың ақындарының өлеңдерін тебіренте жырлайтын, алдына жан салмайтын шәкірттеріміз көп болсын дегім келеді.

  ӘБ.жетекшісі:    Б.Ахамай

 

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст