ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жүсіп Баласағұнның туғанына 1000 жыл толуына орай барлық пәндер бойынша білім мен білік деңгейін, қалыптасқан таным түсінік, инттеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік пен алғырлық, тапқырлық, т.б қасиеттері тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау мақсатында «Эрудит» интеллектуалды білім порталы барлық негізгі пәндер бойынша 3 -11 сынып оқушылары арасында Республикалық қашықтықтан пәндік олимпиада өткізген болатын. Аталған байқауға еліміздің барлық өңірінен білімді де, дарынды оқушылар қатысты. Ендеше байқау нәтижесі төмендегідей: http://xn--d1aiwkc2d.kz/baikaylar/266-respublikaly-ashytytan-tken-pndk-olimpiada-orytyndysy.html
№26 орта мектеп бойынша «Эрудит» Халықаралық ғылым мен білімді қолдау интеллектуалды орталығының Ж.Баласағұнның 1000 жылдығына орай өткізген республикалық қашықтық пән олимпиадасына қатысқан 25 оқушының 21-і 1 орын , 2 оқушы 2 орын, 2 оқушы Алғыс хат иеленді.
Оқушыларыңызбен бірге талай жетістіктерге жететіндеріңізге сенімдіміз. Барлықтарыңызды құттықтаймыз!
Пән мұғалімдері – Хасенова Т.Е., Жавбатырова А.С., Кабельдинова Х.У., Койлыбаева А.М., Исаева А.Д., Ахамай Б., Жакупова А.О., Балтабаева Б.К., Смағұл М., Ажибаева М.К., Кабдрахманова Г.М.