№26 орта мектебінің 1 жартыжылдықтағы дарынды оқушылармен жұмысы жайлы есеп
Дарынды балалармен жұмыс мектеп мұғалімдерінің маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. Оқу жылының басында мектептегі дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары құрылды.
МАҚСАТЫ:
-балалардың шығармашылық және өз бетінше іздену қабілетін дамыту;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту.
Пән мұғалімдерінің ұсынуы бойынша мектепте дарынды оқушылар тізімі жасалды. Жоспарға сай мектеп оқушыларымен қосымша сабақтар жүргізілді, дарынды оқушылар әр түрлі мектепішілік, аудандық, республикалық
қашықтықтан өткізілген сайыстарға қатыстырылды. Аудандық пән олимпиадасына қатысқан 7 оқушының біреуі – 10 сынып оқушысы Приходько Диана биология пәнінен қатысып, 3 орын алды, пән мұғалімі – Койлыбаева Айнаш Мұхатқызы. География мен тарих пәндерінен қатысқан Еркен Ельхан мен Жирен Ұлболсын белсенді қатысқандары
үшін Мақтау қағазын алды. Пән мұғалімдері Смағұл Манаргүл мен Кабельдинова Хатима Уағапқызы. Сондай-ақ мектеп оқушылары жыл сайын өтетін республикалық «Ақ бота» сайысына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Қорытындысы төмендегідей:
«Ақ бота» республикалық | |||
Қатысқан оқушылар саны |
1 орын |
2 орын |
3 орын |
21 |
4 оқушы 3 «б» сынып
Мұғалімі Шепелева Н.Г. |
5 оқушы 3 «а» сынып
Мұғалімі Ажибаева М.К. |
7 оқушы 4 «а», 4 «б», 5 «а», 6 «а» сыныптары
Мұғалімдері Киргизбаева Б.С. Куспекова Д.С. Сармулдиева Б.А. Смағұл М. |
Барлығы 16 орын |
Мектеп оқушылары аудандық ғылыми-зерттеу жұмысы сайысына қатысып, облыстық турға жолдама алды. Оқушыларымыз өз зерттеу жұмыстарын қорғап, белсенділік сертификаттарына ие болды.
Қатысқан оқушылар саны |
Тарих |
Қазақ тілі | |
3 |
Еркен Ельхан |
Жирен Ұлболсын |
Бимағанбетова Карина
|
Ғылыми жетекшісі |
Кабельдинова Х.У. |
Хасенова Т.Е. |
Исаева А.Д. |
Мектеп мұғалімдері үнемі ізденіспен айналысып, оқушыларды республикалық қашықтықтан өткізілетін сайыстарға қатыстырып тұрады.
Ағылшын тілінен республикалық қашықтық олимпиадасы | |||
Қатысқан оқушылар саны |
1 орын |
2 орын |
3 орын |
9 оқушы |
2 оқушы |
2 оқушы |
5 оқушы |
Пән мұғалімі |
Олжабаева А.Ө. |
Қазақ тілінен қазақстандық интернет олимпиадасы | |
Қатысқан оқушылар саны |
1 орын |
3 оқушы |
2 оқушы |
Пән мұғалімі |
Ахамай Б. |
Қазақ тілінен Ұлттық интернет олимпиадасы | |
Қатысқан оқушы саны |
3 орын |
2 оқушы |
2 оқушы
|
Пән мұғалімі |
Ахамай Б. |
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау «Эрудит» интеллектуалды орталығы ұйымдастырған республикалық қашықтық пән олимпиадасына 25 оқушы қатыстырылды, нәтижесі жуық арада белгілі болады.
Алдағы уақытта дарынды оқушылармен жұмыс жалғасын табатын болады. Жоспарланған іс-шараларға байланысты мектепішілік ғылыми-зерттеу жұмысы сайысы, қосымша сабақтар өткізіп, оқушыларды келесі оқу жылында өтетін пәндік олимпиадаға дайындау, «Жыл оқушысы - 2018» сайысын өткізу, дарынды оқушылардың портфолиосын жинақтау, өлең шығаратын оқушылармен жұмыс жасау, оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатыстыруды жалғастыру көзделіп отыр.