Елбасы Жолдауы – ел қалауы
ҚР Президенті Елбасының жолдауын халық жыл сайын асыға күтеді. Биылғы жылғы Жолдауына қатысты жасаған мәлімдемесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атап өтті. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы бойынша Жүз нақты қадам жоспары аясында реформалар жүргізіліп жатыр. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бүгін бүкіл әлем жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басты. Елбасының 10 қаңтардағы Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдің дамуына арналған, онда еліміздің жаңа технологияларды енгізу көшбасшысына айналуы тиіс, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы
айтылған. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы қабылданды.
Елімізде білім саласының қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жалақыларына түрлі үстемақылар қосылатын болады. Қалай қосылатыны толық әрі бөліп айтылып кетті. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуға ауысқан мұғалімдердің жалақысы 30-да 50 пайызға дейін жоғарылайтынын айтты. Бұл, әрине, білім беру саласындағы қызметкерлерге, бізге – мұғалімдерге өте қуанышты жаңалық.
Өңірлердің және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының экономикалық дербестігі кеңейтілетінін айтты. Сондай-ақ құрылыста жаңа таңа технологиялар қолданылатын болады.
Адами капиталдың жаңа сапасы жайлы айтып, білім беру жүйесінің барлық деңгейлері заманауи шындыққа және экономиканың талаптарына сәйкес келу керектігін жеткізді. Бұл ретте ұстаз мамандығының беделін арттыру керек.
Жолдауда толықғырақ түсіндіріліп өтетін 10 міндетті орындауға бар күш-жігерімізді салуымыз керек,
ол үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы қажет делінді. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа цифрлық дәуір
талаптарына сай болуына байланысты екендігін айтты.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауын халық асыға күтеді. Себебі, Қазақстанның даму жолына алған беталысы елді дамыған отыз елдің қатарын қосарына кәміл сенеді. Еліміз экономикалық, рухани-адамгершілік, мәдени жағынан қарқынды дамып, салиқалы реформаларды бастан кешіп жатырмыз. Қазақстан шын мәнінде бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылып келе жатқанына куәміз. Сол себепті, Целиноград ауданы Мәншүк ауылы №26
орта мектебінің ұстаздар ұжымы мен барлық қызметкерлері Елбасына шексіз ризашылығын білдіріп, атқарылып жатқан істерді бір адамдай қолдап, елді болашағына жеткізу үшін еңбегі мен күш-жігерін аямай жұмы жасайтынын жеткізеді. Елбасы Жолдауы – ел қалауы, біздің – болшағымыз!
Игі тілекпен: № 26 орта мектеп ұжымы